Астаналық тұрғын «Т» ЖШС-на тиесілі жер учаскесіне үй салып алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында «Т» ЖШС-на тиесілі жер учаскесіне азамат С-ның алаңы 130 ш.м. тұрғын үйді заңсыз салғаны анықталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Нысанды салу бойынша жасалған құрылыс жұмыстары заңсыз болып табылады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат С. ҚР ӘҚБК-нің 319-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар