Астаналық полицейлер кішкентай баланы 10-қабаттан құлап кетуден сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полициясы полкінің қызметкерлері - полиция кіші лейтенанты Қайыржан Құттыбаев пен полиция аға сержанты Максим Вершинин 5 жасар баланы оныншы қабаттан құлап кетуден сақтап қалды, деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметі.

«16 қазан күні шамамен 16:00-де Жедел басқару орталығына Тілендиев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің 10-қабатындағы балконда кішкентай бала жылап тұр, құлап кету қаупі бар деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жетіп барған полицейлер алдымен балаға ішкі кіруге шақырады, артынша жоғарыға жылдам көтеріліп баланы жұбатқан», - делінеді хабарламада.

Сол кезде 5 жасар баланы үйде жалғыз қалдырып кеткен туысы келіп қалған. Ол 3 жасар баланы ертіп, балконның есігін ашық қалдырып, дүкенге кеткен.

30 жастағы тұрғынның айтуынша, ол балаларға әке-шешесі жұмыста кезінде қарап жүрген. Полиция қызметкерлері баланы үйде қараусыз қалдырмау қажеттігі, оның нендей салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан тыс, терезелердің қауіпсіздігін нығайту бойынша кеңестерін берді.

Соңғы жаңалықтар