Астаналық әйел сапасыз жиһазға төлеген 3 млн теңгесін сот арқылы қайтарып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сот жеке кәсіпкерді клиентіне жиһаз үшін төленген 3 млн теңгесін қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматша Е. Есіл аудандық сотына «Л» ЖК-дан құн өндіріп алу туралы шағым түсірді. Іс материалдарына қарағанда, өткен жылғы 19 қазанда тараптар Италияда жасалған жиһазға тапсырыс беру және жеткізу туралы келісім жасасқан. Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында жеке кәсіпкер тауарды жеткізген, алайда астаналық әйел жиһаздың кемшіліктерін байқап қалып, оны қабылдаудан бас тартады.

Әйел ЖК-ға бұл жайлы электронды пошта арқылы хабар беріп, фотосуреттерін де қосымша ретінде жібереді. Жеке кәсіпкер клиент төлеген 3 млн теңгеге сапасыз тауар әкеп берген.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен ЖК-дан сапасыз мебельге төленген сома өндіріп алынды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар