Астанаға газ тарту кезінде мыңдаған жұмыс орны ашылады - Энергетика министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Сарыарқа» газ құбырының басты артықшылықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың жылу электр орталығында жағылатын 651 мың тонна көмірді газ алмастыратын болады. Соның арқасында ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар едәуір азаяды. Ондай қалдықтардың көлемі жылына 36 мыңнан асады. Алайда жылу электр станциясы газға толығымен көше алмайды. Газбен тек суды жылыту қазандықтары ғана жұмыс істейтін болады. Аталған жобаның тағы бір артықшылығы, құрылыс кезінде 800 жұмыс орны ашылады. Ал барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 225 тұрақты жұмыс орны болады», - деді М.Мырзағалиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, шілдеге дейін оның барлығын мемлекеттік сараптамадан өткізу керек.

«Шілденің басында құрылысты бастау және дәнекерлеудің салтанатты рәсімін өткізу жоспарланып отыр», - деп атап көрсетті М.Мырзағалиев.

Айта кетейік, «Сарыарқа» газ құбырын (Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана - Көкшетау - Петропавл) кезең-кезеңімен пайдалануға беру көзделген. Алғашқы кезеңде 1081 шақырымды құрайтын «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана» бөлігін аяқтау қажет. Оған 267,3 млрд теңге кетеді. Аталған ақша Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Қазақстанның даму банкі сияқты қаржы ұйымдарынан тартылады деген жоспар бар.

Фото: edison.it

Соңғы жаңалықтар