Астанаға Финляндия президенті келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға жұмыс сапарымен Финляндия президенті Саули Ниинистё келді.

Елорданың халықаралық әуежайында құрметті қонақты ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Қазақстанның  Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов және оның финдік әріптесі Илкка Райсанендер қарсы алды.

null    

Саули Ниинистё сапарының бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз, финн іскерлер қауымымен кездесу, ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінде ұлттық күнді өткізу рәсіміне қатысу және елдің Санта Клаус павильонына бару қарастырылған.

null  

Финляндия мемлекетінің басшысы қонақүйге заттарын қалдырған соң, киімін ауыстырып роликті конькимен елорданың өзіне таныс жерлерін қайта тамашалау үшін шықты. Өйткені оның бұл Астанаға үшінші сапары.

null 

Соңғы жаңалықтар