Астанадағы жәрмеңкелерде былтырғыдан екі есе көп өнім сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары жәрмеңкеге өткізген аграршылардан шамамен 8 млн теңгенің өнімін сатып алды. Бұл - былтырғы көлемнен екі есе  артық көрсеткіш, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы . 

8 айдың қорытындыларына сәйкес, жәрмеңкелерде өнімнің 25 мыңнан астам тоннасы өткізілген.

Қаңтар мен тамыз айларының аралығында Жамбыл облысы Астанаға өнімнің 3400, ОҚО - 2315, Атырау облысы - 280, БҚО - 530, Қызылорда облысы - 612, Алматы облысы - 1 1761, Ақтөбе облысы - 615, Қарағанды - 435, Қостанай - 1800, ШҚО - 720, Павлодар - 1357, СҚО - 500 және Ақмола облысы - 1435 тоннасын әкелді.

Қазан айының соңына дейін өз өнімдерін елорда тұрғындары үшін Атырау, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері екінші мәрте ұсынатын болады. 

 

Соңғы жаңалықтар