Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде бір айдың ішінде екінші лифті құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Кенесары 65 үй мекенжайында орналасқан «Эдем палас-1» тұрғын үй кешенінің 5-кіреберісінде лифт құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың бірі Татьяна Спицынаның сөзі бойынша, оқиға бүгін күндіз 14:00 сағат шамасында орын алған. Ол кезде Спицына баласына дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға шыққан болатын.

«Бір қыз 17-қабаттан түсіп келе жатқан еді, бір кезде лифт төмен қарай зыр құлай жөнелді. Қосалқы арқан ұстап қалса керек, 8 бен 9-қабаттарда тоқтап қалды. Қазір ол сол жерде тұр. Бұл туралы консьержге хабарлады. Қызды біз таптық, қазір ол шағым түсірмек ниетте. Біз бұл оқиғаны бұдан бұрын болған алғашқы іске қосқымыз келеді. Себебі бұның арты жақсылыққа апармайды», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. 
null  

Т.Спицынаның айтуынша, тұрғын үй кешенінде лифтке сараптама жүргізілген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, арқан үзілген.

Айта кетейік, 13 сәуір күні Астананың «Эдем палас» тұрғын үй кешенінде сегіз адам кірген лифт құлады. Лифтте сегіз адам, алтауы ересек, екеуі бес және алты жастағы балалар. Лифт алтыншы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, бірінші қабатта үзіліп, жертөлеге құлаған.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер мен лифтке қарайтын қызметкерлер есікті ашқан. Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 306-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар