Астанадағы тұрғын үй алаптарында нөсерлі кәріз жүйесін салу жұмыстары басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сәуірдің 27-нен 30-на дейінгі аралықта  жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайдыәкімдік сайты .

Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы «Астана қаласының тұрғын үй алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту. Комсомольский тұрғын үй алабы, 2-кезек» жобасын іске асыру шеңберінде Қарашаш ана - Ақан сері көшелерінің қиылысында нөсерлі кәріз жүйесін салу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қалада көлік кептелісін тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар