Астанадағы перзентханаларға қатысты өзгерістер болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - №1 қалалық аурухана базасында да жаңа перинаталдық орталық пайда болады. Бұл туралы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы №2 қалалық аурухана мен № 1 перинаталдық орталықты бір көпбейінді ауруханаға біріктіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте бізде үлкен аурухана болады және оның құрамында барша көпбейінді желі мен босандыру қызметі қамтылады. Ем қабылдаушыларға қолайлы болуы үшін осы екі ғимараттың арасын қосатын нысан салынады», - деді Т. Мұратов баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол №1 қалалық аурухана базасында да жаңа перинаталдық орталықты жасақтау жоспарланып отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі кезде аталған аурухананың аумағында жер учаскесі мәселесі пысықталып жатыр. Сол жерде перинаталдық орталықтың 250 орны қамтылмақ. Яғни екінші перинаталдық орталық көпбейінді аурухана құрамында болады деп күтілуде», - деп түсіндірді Мұратов.

Оның сөзіне қарағанда, Астанадағы үшінші көпбейінді аурухана қазіргі Теміржол ауруханасы базасында құрылады. Ол жақын арада қаланың теңгеріміне көшеді. Онда Теміржол ауруханасы мен № 3 перинаталдық орталықты біріктіру жолымен үлкен көпбейінді орталық жасақталады. Бұл медициналық мекемелер Сарыарқа ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.

«Төртінші көпбейінді аурухана елордадағы онкологиялық орталық базасында құрылады. Осы нысанда бірқатар қызметтер дамытылады», - деп түсіндірді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада көпбейінді үлкен стационарлар құрылады.

Соңғы жаңалықтар