Астанадағы парадқа 5 мыңнан аса әскери қызметші, 400-ге жуық техника қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні Астанада ҚР Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығы мен 1941-1945 жылдарғы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске арналған шеру өтеді. 

Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі әскери парад болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Әскери парад жеке құрам мен техникалар саны бойынша ел тарихындағы ең ірі шеру болмақ. Оған жаяу әскерлердің 30-ға жуық парадтық есептобы қатысады. Олардың құрамында 5 мыңнан аса әскери қызметші салтанатты маршпен жүріп өтеді. Сондай-ақ шеруге 300-ге жуық әскери техника, 80-ге жуық ұшу аппараты тартылады.

2017 жылғы әскери парадтың ерекшелігі - аумақтық қорғаныс бригадаларының парадтық жаяу есептоптарының, барлаушылар ротасының және еліміздегі төрт «Жас ұлан» мектебінің барабаншылар ротасының, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебі техникаларының тартылуы.

Елорда әкімдігінің қаулысымен 8 сәуір - 8 мамыр аралығында шараға Астана қаласының 50 аумақтық қорғаныс бригадасы шақырылды. Олар әскери парадқа алғаш рет қатысуда.

 

 

Соңғы жаңалықтар