Астанадағы «Нұржол» бульварында көлік қалдыруға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Нұржол» бульварында көлікті жолдың бойында қалдыруға тыйым салатын белгілер орнатылды. Алдағы уақытта ол жерде көлікті тек ақылы автотұраққа ғана қоюға рұқсат беріледі. Ол үшін арнайы паркоматтар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінде елорданың көлік кешенін дамыту бағдарламасы аясында «Астана қаласының тұрақ орындарын басқару» жобасы әзірленген болатын. Аталған жобаның негізгі мақсаты - қаланың орталығында көлік қозғалысының жылдамдығын жоғарылату, жаяу жүргіншілер, қоғамдық көлік құралдары мен автокөліктер үшін қолайлы жағдай жасау.
null 

Бүгінде «Нұржол» бульварында тұрақтарды реттеу жұмысымен «Astana LRT» компаниясы айналысады. Компания мамандарының айтуынша, жаңа жүйені іске қосу уақыты әлі анықталған жоқ. Қазіргі кезде жол белгілері мен паркоматтар орнатылды. Автотұрақ орындарын да сызып қойды. «Ол жерде арнайы құрылғылар болады. Олар тұрақта тоқтаған көлікті тіркейді. Автотұрақтың ақысы төленбесе, айыппұл салынады», - дейді компания қызметкерлері. «Нұржолдың» бойында шамамен 422 ақылы тұрақ орны болады. 
null 

Айта кетейік, Астанадағы «Нұржол» бульварының бойында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының бас кеңсесі, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, «Қазмедиа» орталығы, «Атамекен» ҰКП-ның бас кеңсесі және тағы басқа әкімшілік ғимараттар орналасқан. Бұдан бөлек, «Керуен» ойын-сауық сауда орталығына келетіндер «Нұржолдың» бойында өз көліктерін жиі тастап кетеді. 

Соңғы жаңалықтар