Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында жабық автотұрақ пайдалануға берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» вокзал кешенінде 379 машина сиятын екі деңгейлі жабық автотұрақ халық игілігіне берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жабық автотұрақ 489 машинаға арналған сыртқы көлік тұрағына қосымша түрде іске қосылды. Көліктер тұраққа Ж. Нәжімеденов көшесі жақтан кіреді. «Нұрлы жол» вокзалының директоры Дінмұхамед Құсайыновтың айтуынша, автотұрақ операция, күту залдарына, жалпы тамақтану орындарына, жүк сақтау камераларына, медициналық пункттерге бағыт сілтегіштер, ақпараттық таблолар секілді қазіргі заманғы ақпараттық-навигациялық құралдармен жабдықталған. 

Вокзал басшысы жеке көліктен тыс вокзалға №2, 11, 14, 32, 48, 50 ,105, 201, 500 бағыттарының автобустарымен, сондай-ақ қаланың ресми «Astana Taxi» қызметінің көліктерімен жетуге болатынын ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар