Астанадағы «Қыпшақ» ТК қатысты апелляциялық алқаның шешімі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апелляциялық алқа Астана қаласы Алматы ауданының №2-інші аудандық сотының «Какаду» ЖШС-нің бұрынғы басшысы М.Әлімбетовке қатысты 2016 жылғы 20 қыркүйектегі үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, М.Әлімбетов «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің құрылысына үлестік қатысу келісімшартын жасай отырып, үлестік құрылыс қатысушыларынан ақшалай қаражаттар алған болатын.

Сонымен қатар, 2008 жылы М.Әлімбетов «Астана қаласының Құрылыс департаменті» ММ-мен «Қыпшақ» ТК-нің аяқталмаған құрылысының нысанына тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасаған. Алайда, оны аяқтамастан, мемлекеттің және үлескерлердің ірі көлемдегі ақшалай қаражаттарын қалтасына басып, елден қашып кеткен.

Алматы ауданының №2-інші аудандық сотының үкімімен М.Әлімбетов жазасын жалпы режімдегі түзету колониясында өтеумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, оған 3 жылға дейін кәсіпкерлік айналысу құқығына шектеу қойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар