Астанадағы базарда жанжал шығарған 10 күзетші ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы қала базарларының бірінде болған жанжалды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даулы оқиға «Шарын» базарында екі күзет қызметінің күзетшілері арасында туындаған. Салдарынан жанжалға қатысы бар 10 адам аумақтық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

«13 қазан күні Шарын базарында екі күзет мекемесінің күзетшілері арасында жанжал туындады. Бұл туралы Астана ІІД Жедел басқару орталығына күндізгі сғаат 12-де хабар келіп түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аумақтық ішкі істер басқармасына 10 адам жеткізілді.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 252-бабы («Жеке күзет фирмалары қызметкерлерінің уәкілдік құқықтарын асыра пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде», - деп хабарлады астаналық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар