Астанадағы балет театрының труппасы Парижде өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды таныстырылымына дайындық бастау алды.  

Қазақстан үшін аса маңызды мәдени оқиға UNESCO Атқару кеңесінің 202-ші сессиясы аясында 17-19 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды «Астана Балет» театрының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің халықаралық таныстырылымы бүгінгі таңдағы маңызды міндеттер аясында өзекті мәселе болып табылады.

Бұл шара «Астана балет» жас қазақ театры үшін аса маңызды оқиға  болмақ. Себебі «Астана балет» театры күзгі маусымдық жұмысын Париж сахнасынан бастайды. Театрдың шығармашылық ұжымы ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерін ұсынатын болады.

«Қазақстанның Франциядағы ерекше мәдени бағдарламасына қатысу біз үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік, өйткені біз өз елімізді лайықты түрде танытуымыз керек. Біздің еліміз туралы ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, көрмелер, деректі фильмдер, этноауылдың көрсетілімі болады. Сондай-ақ  еліміздің заманауи мәдениетін көрсететін көркемөнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт қойылады», - дейді театр режиссері Валерий Күзембаев.

«Астана Балет» театры париждік өнер сүйер қауымға өзінің ерекше бағдарламасын ұсынады: ұлттық мәдениеттің этникалық ноталары, «Аққыз» және «Арулар Шеруі» хореографиялық миниатюраларымен және «LoveFearLoss» бір актілі балетінің неоклассикалық стильдегі фрагменті.

Сонымен қатар, «Астана балеті» театры Париждегі әйгілі «SallePlueyel» концерттік залында «LoveFearLoss», «Afuegolento» балетін, «Клеопатра» балетінен және «Ұлы дала мұрасы» бағдарламасынан үзінді көрсетеді.

«Ұлы дала мұрасы» бағдарламасы хореографиялық миниатюраларды және ұлттық бай түсті балеттердің фрагменттерін қамтиды. Барлық композициялар халықтық дәстүрлердің, әмбебаптықтың, үлкен эмоциялық зарядтардың өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Экспрессивті музыка мен қайталанбайтын көркемдік кескіндерге байланысты терең әсер қалдырады.

«Ұлы дала мұрасы» - заманауи ұлттық балеті ол, жарқын қарқынды дамып келе жатқан өзіндік ұлттық бояуымен ерекшеленетін көрініс.

Айта кетейік, «Астана Балет» театры әлемдік атақты театр сахналары: Мәскеу мен Санкт-Петербургте (Ресей), Бейжіңде (Қытай), Париж (Франция), Вена (Австрия), Сеул (Корея), Будапеште (Венгрия), Баку (Азербайжан), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония), Варшава (Польша) өз өнерлерін көрсеткен болатын. Жас команда өзіндік қолтаңба табуға, қайталанбас шығармашылық құруға, классикалық мұраны барынша сақтай отырып, жарқын, ұмытылмас инновациялармен пластикалық тілді байытуға ұмтылуда.

Соңғы жаңалықтар