Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар басты көшелер жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында Астана қаласының әкімдігі Қабанбай батыр даңғылында су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл ЕХРО-2017 көрмесі аумағынан аумағынан кәріз суларын үздіксіз ағызуды және сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, жалпы, ЕХРО қалашығын дамытуға ықпал етеді.

Құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты елордада бірнеше көше жабылады. Атап айтқанда, 15 - 25 сәуірде Алматы көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысы, 26 сәуірден бастап 10 мамырға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысында қозғалыс уақытша шектеледі.

Сонымен қатар, мамырдың 10-ы мен 15-і аралығында Қабанбай батыр даңғылының Орынбор көшесімен (Сығанақ к-сі) қиылысы жабылмақ. 
 

Сонымен қатар, қазіргі кезде қаланың сол жағалауын жылумен үздіксіз жабдықтау мақсатында әкімдікпен 5-ші кезектегі жылу магистралін салу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

15 сәуірден 15 мамыр аралығында Н.Тілендиев даңғылында Ш. Бейсекова көшесімен қиылыста, 16-26 мамырда Ш. Бейсекова көшесінде Н. Тілендиев даңғылы мен С. Сейфуллин көшесінің арасында қозғалыс шектеледі.
 

Мұнымен қоса, үстіміздегі жылы 15 сәуірден 30 мамырға дейін 14 көшеде жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, сол жағалаудағы 11 көшеде, оң жағалаудағы 3 көшеде. Тиісті жұмыстар барысында көшелердегі қозғалыс жартылай шектеледі. Кейбір көшелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатынсалу кезінде көлік құралдарының қозғалысы толық тоқтатылады. Көшелер жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес жабылады.

«Арқар» (М-1) мен «Арыс» (М-3) көпірлерін жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары: қоршауларды сырлау, бүлінген жерлерін ауыстыру, қоршаулардың қаптау жұмыстары 10 сәуірде басталады.

Сонымен қатар, 1 маусымға дейін 14 көшеде бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Хусейн бен Талал көшесі - Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Республика даңғылынан - Сейфуллин көшесінен «Рамстор» СҮ орамына дейін, «Арыс» (М3) көпірі -Орынбор көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін, Байтұрсынов көшесі -Тәуелсіздік көшесінен Қ. Аманжолов көшесіне дейін, Тәуелсіздік даңғылы - Ташенов көшесінен Мұңайтпасов көшесіне дейін, «Салтанат сарайы» ауданындағы жол.

Бұдан басқа, Рысқұлов көшесі - Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, дипломатиялық қалашық - Қонаев көшесі - Сарайшық көшесі, Тұран даңғылындағы екінші дәрежелі көше -Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін мейрамхана кешендерінің бойы орамы, «Сарыарқа» СОО-дан«Мега» СОО-ға дейін, Амман көшесі - Шарль де Голль көшесінен Г. Әлиев көшесіне дейін, Тәуелсіздік - Момышұлы даңғылыдарынан  Майлин көшесіне дейін, Қонаев көшесі - Қабанбай батыр даңғылынан Ақорда Президенттің резиденциясына дейін, сондай-ақ, Достық көшесі -Тұран даңғылынан Ақордаға дейін жөнделеді. Достық көшесі -Тұран даңғылынан Ақордаға дейін 3 км жуық, ал Тәуелсіздік даңғылы -Момышұлы даңғылынан Майлин көшесіне дейін 0,5 км жол қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар