Астанада жолаушысы ауыр жарақат алған автобус жүргізушісі жұмыстан шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» кәсіпорны автобус жүргізушісінің салдарынан жарақат алған адамға қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2018 жылдың 12 қаңтарында № 47 автобуста Гүлжан Мұхамбетқалиеваның басынан өткен оқиға бойынша аталған қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмыстан шығарылғанын хабарлаймыз. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Ең бірінші кезекте зардап шегушінің сауығып кетуіне баса маңыз беріліп отырғанын атап өткіміз келеді», - деп пікір білдірді мекеменің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, 15 қаңтар күні Фейсбуктегі «Астана хочу похвалить/пожаловаться» тобында Илдар Сумбай атты қолданушы шағым қалдырған болатын.

«Анамның атынан жазып отырмын. Ол кісі 47-автобустың жүргізушісі мен автопарктің кесірінен «омыртқаның сынуы» диагнозымен жатыр. Оны міндетті түрде ота жасап, оңалту керек», - делінген хабарламада.

«Оқиға былай болған: 2018 жылдың 12 қаңтарда анам баламмен бірге қыдырып қайтпақ болған. Балабақшадан баланы алып шығып, № 47 автобусты күтіп, қолдағы баламен бірге автобусқа кірген. Автобуста сонымен бірге, 5-6 адам болған. Бірақ, отырып үлгермей жатып, жүргізуші бірден орнынан жылдам қозғалған. Осының салдарынан анам шалқасынан құлаған», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Соңғы жаңалықтар