Астанада жол жөндеуге байланысты кейбір автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін кейбір автобус бағыттарының жол қозғалысы сызбалары уақытша өзгереді, деп хабарлайды astana.gov.kz .

26 сәуірден бастап 10 мамыр аралығында, Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін Керей-Жәнібек хандар көшесін жабу:

№ 50 бағдар - «Бал бала» б/б» бастапқы аялдамасынан «Қан орталығы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға Қабанбай батыр даңғылына- оңға Сығанақ көшесіне - солға Сауран көшесіне - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша. Кері бағытта ұқсас.

№ 60 бағдар - «Строймарт» Гипермаркеті» бастапқы аялдамасынан Сауран көшесіндегі «Алматы» ТК» аялдамасына дейін өзгеріссіз - ары қарай оңға Сығанақ көшесіне - солға Қабанбай батыр даңғылына - онға жергілікті өтпе жолға - солға Тұран даңғылына - солға Керей-Жәнібек хандар көшесіне - солға Қабанбай батыр даңғылына - оңға Сығанақ көшесіне - солға Сауран көшесіне - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша.

№ 61 бағдар - «№ 81 мектеп-лицейі» бастапқы аялдамасынан бастап «Қан орталығы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға Қабанбай батыр даңғылына - оңға Алматы көшесіне - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша. Кері бағытта ұқсас.

10 мамырдан бастап 15 мамыр аралығында, Қабанбай батыр даңғылын жабу, Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін:

№№ 10, 12, 27, 37 бағдарлар - «Темір жол вокзалы» аялдамасынан бастап «Кардиологиялық орталық» аялдамасына дейін өзгеріссіз - ары қарай оңға Сығанақ көшесіне - солға Тұран даңғылына - солға Керей-Жәнібек хандар көшесіне - оңға Қабанбай батыр даңғылына - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша.

№№ 302, 303, 308, 309 - «Кардиологиялық орталық» («Азия парк» ОСО) бастапқы аялдамасы - солға Сығанақ көшесіне - оңға Сауран көшесіне - оңға Керей-Жәнібек хандар көшесіне - солға Қабанбай батыр даңғылына - ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша.

Соңғы жаңалықтар