Астанада «Жер сағаты - 2018» халықаралық акциясы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурыз күні сағат 19:00-21:30 аралығында елордада «MEGA Silk Way» СОСО-да «Жер сағаты - 2018» халықаралық экологиялық акциясы өтеді.

«Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 20:30-да бір мезетте Бейбітшілік пен келісім сарайының, Тәуелсіздік сарайының, Астана циркінің, «АЛЖИР» мұражайлы-мемориалды кешенінің, «Астана - Бәйтерек» монументінің, «MEGA Silk Way» СОСО, «Сарыарқа» СОСО, Назарбаев Университетінің, Сейфуллин атындағы ҚАТУ бас ғимаратының, «Алау» мұзайдыны сарайының, М. Горький атындағы орыс драма театорының, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының және басқа да ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтары 1 сағатқа өшіріледі.

2018 жылы акция «Жермен байланыста бол» тақырыбында өтеді. Осыған дейін өткен шаралар қауіпсіз азық-түлік өнімдерімен, ғаламдық жылыну және экологиялық сана-сезіммен байланысты болды.

«Жер сағаты» - бұл ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд  астам адам қатысып, 175 елдің 7000 қаласынан тұрғындар қосылады. Ағымдағы жылы Қазақстанның барлық аймақтары жылдың ең ауқымды экологиялық оқиғасына қатысады. Алматы қаласында «Көк төбе» телемұнарасы мен қала әкімдігінің жарықтандырылуы өшіріледі. Акцияны Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары қолдап отыр.

Соңғы жаңалықтар