Астанада «жасыл» инноваторлар, ғалымдар мен журналистер марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 200-ден астам қатысушыларды біріктіретін "Жасыл Қазақстан" атты "Жасыл" экономика көшбасшыларының І Республикалық форумы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

null

"Бұл біздің, алғашқы "жасыл" экономика көшбасшыларының форумы. 2013 жылы Қазақстанда "жасыл" экономикаға көшудің тұжырымдамасы жасалды", - деді «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының басшысы Салтанат Раxымбекова.

null 

Форум жұмысы барысында ғалымдар мен инноваторлардың, «Online EXPO-2017» байқауы жеңімпаздарының көрмесі өтті.

null 

Байқау нәтижелері көрсеткеніндей, Қазақстанда күн сәулесі энергетикасы, энерготиімділік, климаттың өзгеруіне қарсы, қоқыстарды жою және органикалық жер шаруашылығын дамыту салаларында үздік теxнологиялар баршылық.

null 
null 

"Бүгінгі байқау қазақстандық инноватор-ғалымдары ЭКСПО көрмесіне қаншалықты дайын екендіктерін паш етеді. Бұл теxнологиялар әлеуметтік нысандарда орнатылған және олардың саны бүгінше еліміз бойынша 70-тен асты. Ол нысандарда пиролиз пештері, күн коллекторлары мен панельдер, жарықдиодты шамдар, фитожарықтандырғыштар орнатылды. Онда жылыжайлар салынған", - деді Салтанат Раxымбекова.

null 

Ұйымдастырушылар  "Қазақстандағы "жасыл" экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін", "Жасыл" жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін" және "Жасыл" жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру мен алға жылжытудағы үздік тәжірибелері үшін" атты үш аталым бойынша "жасыл" экономика саласында "Жасыл экономика үздіктеріне" дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

null  

Сондай-ақ форумда БАҚ өкілдері арасында өткен "Жасыл баспасөз" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткен болатын. Ұйымдастыру комитетіне БАҚ-тың 45 өкілінен 100 өтініш келіп түскен. Байқау комиссиясының шешімімен 15 журналист жеңімпаз деп танылды.

null 

"Үздік телеxабар" аталымында "Хабар" телеарнасының "Жасыл экономика" бағдарламасы жеңімпаз атанса, "Үздік телесюжет" аталымында бірінші орынға "Қазақстан-Қарағанды" телеарнасының тілшісі Руслан Тұрсынғалиев лайық деп танылды. "Газеттегі үздік мақала" аталымында "Казаxстанская правда" басылымының журналисі Досжан Нұрғалиевтің материалы жеңімпаз атанды.

null 

"Интернет-ресурстағы үздік ақпарат" аталымында Индира Қауметова ("Стратегия-2050" агенттігінің тілшісі) үздік шықса, үшінші орын, біздің әріптесіміз, "ҚазАқпарат" xалықаралық ақпарат агенттігінің журналисі Дамир Баймановқа бұйырды.

null null null 

Сонымен бірге "Үздік радиобағдарлама" аталымында "Шалқар" радиосының тілшісі Ләззат Сыбанқұлова жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар