Астанада жастар өнерінің фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Болашақ энергиясы - Made in Astana» жастар өнерінің фестивалі басталды, шара 23 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

- Бұл жобаның мақсаты бейнелеу өнерін дамыту, сақтау және насихаттау болып табылады. Рухани жаңғыру бұл - Қазақстанның үшінші жаңғыртуының әлеуеті. Жас қала ­- Астана еліміздің дамуына бағытталған жаңа бастамалардың бастау алаңы болып табылады. «MADE IN ASTANA» жобасы мансабын енді бастап келе жатқан сурешілердің қызығушылығын оятты, - дейді ұйымдастырушылар.

«Болашақ энергиясы - Made in Astana» фестивалі үш кезең бойынша өтеді.

Бүгін бейнелеу өнерін дамыту және сақтау мәселелері бойынша «Жастар өнерінің қуаты» конференциясы, сондай-ақ Сембиғали Смағұлов, Бейбіт Әсемқұл, Әділғали Баяндин және Шалқар Қабдештің шеберлік сабақтары өтті.

22 шілдеде елдің 5 түрлі алаңдарында: Орталық саябақ, Президенттік саябақ, Ақбұлақ жағалауы, Бәйтерек және Әкімдік алаңында жалпы плэнер өтеді.

23 шілдеде «Made in Astana» бейнелеу өнері бойынша республикалық байқаудың қатысушыларын марапаттау салтанаты өтеді. Олар ақшалай сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталады.

Шараны Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар