Астанада жаңадан екі көпір салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы екі көпір салынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап.

Астана қаласы осы жиырма жыл ішінде түрленіп дамып, гүлденіп өсу үстінде. Жыл сайын астанамызда жаңа нысандар бой көтеруде. Елорданың жол-көлік қатынасы дамып келеді, көлік кептелісін төмендету мақсатында қала әкімдігі бар мүмкіндіктерді жасауда.

Сонымен қатар, Астанада жаңадан екі көпір салынады: бірі Есіл өзені үстінен, екіншісі Нұра-Есіл каналы арқылы өтетін болады.

Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталған, 2018 жылы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Ал, Есіл өзені үстінен салынатын көпір Тәуелсіздік даңғылы арқылы қаламыздың оңтүстік шығыс бөлігін сол жағалаумен жалғайтын болады.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңіңде. Екі көпір де үшжолақты болады.

Соңғы жаңалықтар