Астанада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында 29-30 тамыз аралығында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жәрмеңкеде Жамбыл облысының тауар өндірушілері құны 166,2 млн теңге болатын 277,6 тоннадан астам тауар алып келеді. Оның ішінде 10 тонна ет (жылқы, қой, сиыр еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 7,5 тонна сүт өнімдері, 5 мың жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер, 1,5 тонна макарон өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 10 тонна қант, 1,5 тонна бал және 213 тонна көкөністер мен жемістер бар»,-делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 8-10 процентке төмен болады.

Соңғы жаңалықтар