Астанада зәбір көрген үй жануарларының мәселесіне арналған фотокөрме өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардан зардап шеккен жануарлардың аянышты халі туралы шараны ұйымдастырушылар, көрмені астана тұрғындарының назарын аударудың мүмкіндігі деп есептейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

24 наурыз сағат 13:00-де «Keruen city» ОСО жыл сайын «Мен сезінемін» атты қайырымдылық көрмесін бастайды.

Көрме зәбір көрген үй жануарларының мәселесіне арналған. Оны астананың  бейжай қалмайтын тұрғындары  ұйымдастырды, яғни қайырымды іс жасайтын адамдарды біріктіру үшін "Астана қайырымдылар клубы" еріктілер қозғалысын құрды.

Биыл іс-шара астана әкімдігінің қолдауымен өтті.

Отанға деген махаббат әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» ұлт модернизациясының «Атамекен» рухани бағдарламасы бағытында айтылады. 

Фотокөрмені ұйымдастырушылар адамдардан зардап шегіп, көшеде қаңғып қалған жануарлардың аянышты халіне астана тұрғындарының назарын аудартудың мүмкіндігі деп есептейді. Олардың мақсаты - адамдардың жануарларға деген немқұрайдылығын түбірімен жою. 

Көрмеге астаналық 9 фотографтың жұмысы қойылған: Руслан Хасанов, Тимур Жұматов, Елена Сычева, Ирина Ахмадиев, Лилия Батреева, Сәния Құдайқұлова, Анар Майкопова және Елена Полякова.

Суреттерде үйсіз қаңғырып жүрген жануарларға деген немқұрайдылық пен оларға зорлық-зомбылық көрсетуді түбірімен жою керектігіне шақырған. Көрмені ұйымдастырушылар игілікті істің осындай кішігірім нәрселерден басталатынын, балаларды жануарларға жанашыр етіп өсірсе, болашақта олар басқа адамдарды да жақсы көре біледі дейді.   

Көрмеге кіру тегін, онда қайырымдылық жарнасын бөлу міндетті емес, бірақ ерікті түрде қол ұшын созғысы келетіндерге арнайы жәшік орнатылған. Қайырымдылыққа бөлінген барлық қаражат «Ковчег» паналау үйі мен қала бойынша @zverohelp_astana жануарларды қорғау жөніндегі қозғалыстың еріктілеріне бөлініп беріледі. 

Өтетін уақыты:  24 наурыз - 6 сәуір. 

Соңғы жаңалықтар