Астанада велоспорт маусымы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Жол-көлік желісі» веложолы аумағында велоспорт маусымының (шоссе) ашылуы өтті. Спорттық шараны «Астана орманы» ЖШС Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, №6 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебімен бірлесіп ұйымдастырды.

Шараның мақсаты веложолдар мен велоспортты дамыту, оны елорда тұрғындарының, оқушылардың және жастардың арасында дәріптеу, сондай-ақ, жас велосипедшілердің шеберлігін жетілдіру, перспективті спортшыларды анықтау болып табылады. Жарысқа 100 спортшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар