Астанада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА - АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 тамыз күні Астанадағы «Қазанат» ипподромындағы этноауылда «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрмесі, Сыр өңірі өнерпаздарының мерекелік концерті, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Қазанат» ипподромындағы этноауылда ұлттық спорт түрлерінен (ат үстіндегі өнер, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімі) жарыстар ұсынылды. Қызылорда облысынан аударыспақ бойынша ҚР жеңімпаздары Әбдінасредин Файзулла, Серік Әмірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, жамбы атудан ҚР алғашқы чемпионы, теңге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар қатысып, аймақ намысы үшін сынға түсті.

null

Ал түйе палуандар сайысында «Қазақстан барысы - 2017» атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер бақ сынасты.

Сондай-ақ этноауылда Қызылорда облысы өнерпаздарының, оның ішінде жыршы-термешілер, дәстүрлі орындаушылар мен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерті және «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрмесі ұйымдастырылды.

null

Көрмеге зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдар, Сыр сұлулары киген киім үлгісі, ХІХ ғасырдан бізге жеткен ағаштан ойылып жасалған кесеқап және т.б. жәдігерлер қойылды.

Айта кетейік, көрме 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оған Қызылорда облысынан 25 қолөнер шебері қатысуда. Сонымен қатар шеберлер сүйек өнімдерін өңдеу, тоқыма тоқу және зергерлік бұйымдар жасау өнері бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

null

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының мәдениет күндері өтуде.

null

Соңғы жаңалықтар