Астанада Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы табысталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада республикалық, өңірлік және салалық мәселелерді шешуге үлес қосқан Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған іс-шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастырылуымен өткізіліп отыр. Салтанатты шараға ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
null

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Азаматтық қоғам, оның ішінде Үкіметтік емес ұйымдар - демократияның ажырамас бөлігі» деп айтып өткен болатын. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асырылары анық. Осы ретте әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде елеулі үлес қосқан отандастарды ынталандыру үшін бүгін тұңғыш рет сыйлықақы тапсырылмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы осынау игі-шарамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекет хатшысының айтуынша, Қазақстанда үшінші сектор өткен ғасырдың сексенінші жылдары дами бастаған. Сол кездегі белгілі қоғамдық бірлестіктердің бірі «Семей-Невада» болып табылады.

«Тәуелсіздік алғалы бері қазақстандық Үкіметтік емес ұйымдар зор тәжірибе жинап, бүгінгі таңда елімізде 19680 ҮЕҰ тіркеліп отыр. Олардың көбі Астана мен Алматыда, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда өңірлерінде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардың құрамында 29 мыңға жуық адам жұмыс жүргізіп жатыр. Соңғы екі жылда мемлекеттік тапсырыс аясында Үкіметтік емес ұйымдар құны 26 млрд теңгелік 14 мыңға жуық әлеуметтік жобаны жүзеге асырған», - деген Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар ҮЕҰ басшыларына салтанатты түрде сыйлықақыны табыс етті.

Арнайы құрылған сарапшылар тобы сыйлықақы алуға өтініш білдірушілерден келіп түскен 216 өтінімді қараған. Байқау комиссиясының құрамында мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар болған.

«Өздеріңіз білетіндей, Үкіметтік емес ұйымдар көптеген әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешудің мемлекет пен Үкіметтің сенімді серіктесі әрі әріптесі болып табылады. Жалпы айтқанда, Үкіметтік емес ұйымдар Елбасының біздің алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізуге, жалпы еліміздің дамуына елеулі үлесін қосып келеді. Ал мемлекет өз тарапынан Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің түрлі тәсілдері мен формаларын іздестіріп келеді. Осы қолдаулардың ішінде былтырдан бастап беріле бастаған мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және осынау биылдан бастап беріліп жатқан сыйлықақы. Оның бәрі Елбасы белгілеген Азаматтық қоғамға көрсеткен қолдауы мен жалпы демократиялық саясаттың белгілері. Осы байқауға ҮЕҰ қатысып, оның ішінде тек 59-ы ғана іріктеліп, 15 бағыт бойынша сыйлықақыға ие болып отыр. Жалпы, баршаңызға табыс тілей отырып, ортақ мақсатқа жету үшін үлес қосуларыңызды сұраймыз», - деп құттықтады министр Нұрлан Ермекбаев.

Байқау қорытындысына сәйкес, 15 номинация бойынша 59 Үкіметтік емес ұйым сыйлықақы иегері атанды. Атап айтқанда, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі, «Ардагер», «Женский луч» бірлестіктері, «Право» қоғамдық қоры, «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» секілді бірлестіктер сыйлықақыға ие болды. «Шырақ» ұйымы «Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту» коминациясын жеңіп алды. Әрбір сыйлықақының мөлшері 4,5 млн теңгені құрайды. 

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар