Астанада Тойота жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, БМВ көлігін соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тұрар Рысқұлов көшесінде №2 қалалық ауруханасының алдында жол-көлік апаты орын алып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, сағат 18.20-да «Назарбаев Университеті» жақтан жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Тойота Камри» автомобилі бұрылғалы тұрған БМВ көлігін қатты соғып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

 

Оқиға орнына жол полициясының өкілдері мен жедел жәрдем келді. Жолдан өтіп бара жатқан қыз ес-түссіз қалпы №2 қалалық ауруханасына жеткізілді. «Тойота Камри» көлігінің артында отырған жолаушы  алға ұшып кетіп, жарақаттанды. Басқа зардап шегушілер де болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар