Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

18 тамызда Тәуелсіздік даңғылы бойынша Тәшенов көшесінен Қажымұқан көшесіне дейінгі учаскеде  асфальтбетонды жабдықты қайта төсеу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 18 тамыз сағат 21.00-ден 20 тамыз сағат 06.00-ге дейін жол көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

Соңғы жаңалықтар