Астанада суға кеткен 12 адамның 11-і мас болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана қаласының су айдындарында 12 адам суға кетті, олардың барлығы дерлік алкогольді ішімдікке мас болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алғашқы жартыжылдықта Астана аумағында 12 адам суда мерт болды, оның біреуі жас сәби болса, қалған 11-і мас күйінде суға түскен ересектер», - деді Астана әкімдігінде өткен брифингте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев - Шынында да биылғы аптап ыстықтың беті қайтар емес, қала халқы суда шомылып, салқындағысы келеді. Дегенмен, Астана аумағында шомылуға рұқсат берілген 3 орын ғана бар, олар - Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор».

Департамент басшысы аталған жағажайлардың адам өміріне қауіпсіз бірден-бір шомылу орындары екенін баса айтты.

«Шомылу маусымы ашылмай тұрып, сүңгуірлер рұқсат берілген орындардағы су түбін тексеріп және адамның жүзуіне кедергі келтіретін қоқыстардан, бұтақтардан, шөлмек сынықтарынан тазартады. Яғни, адам жарақат алмауы үшін жағажай алдын ала әзірленеді. Биыл мерт болған 12 адамның барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жағада суға түскен. Біз тауып алған үш мәйіт те алкогольді ішімдікке мас болған және су астындағы бұтақтарға ілініп қалып, кері шыға алмаған», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, брифинг спикерлері елорданың шомылуға рұқсат берілген орындарында кезекшілік ұйымдастырылғанын, оған 20 адам мен 9 катер жұмылдырығанын атап өтті. Үздіксіз кезекшілік пен ескерту жұмыстарының нәтижесінде соңғы айда бұл орындарда қайғылы оқиғалар тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар