Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 сәуірде сағат 20:54-те Есіл ауданындағы салынып жатқан «Nova city» тұрғын үй кешенінің 5 қабатында құрылыс қоқыстары өртенді. Жалын 6 шаршы метр жерді шарпыды», - деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жалын толығымен сөндірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Құрылыс алаңына елордалық Өрт сөндіру қызметінің мамандары барды. 

Соңғы жаңалықтар