Астанада салығы төленбеген көліктер айып алаңына әкетіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада салығы төленбеген көліктер айыппұл алаңына әкетіліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 .

Бір ғана Алматы ауданы бойынша 2012 жылдан бері 1 жарым миллиард теңгеден астам көлік салығы төленбей келеді. Сондықтан бюджетке түсуі тиіс қаржыны қайтару үшін сот шешім шығарып, осындай қатаң шара қолға алынды. Алматы ауданында салығы төленбеген 55 мың темір тұлпар болса, басым бөлігінің қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асады. Яғни олардың әрқайсы үшін кемінде 100 мың теңге төленуі тиіс.

Мәселен, мына жапондық қымбат көлік иесінің бюджетке бірнеше жылдан бері берешегі бар. Сот шешімі бойынша енді оның да көлігі айып тұрағына қойылады.

«Біздегі 2021 салық төлеуші ірі көлемде көлік иеленеді. Яғни, 4 мың текшеден жоғары. Соның ішінде 640 салық төлеуші 230 млн бюджетке қарыз. Қазір осы іс-шаралар жеке сот орындаушылармен біріге отырып, мүліктерін тәркілеп жатырмыз. Көлік салығының төленетін уақыты 31 желтоқсанда аяқталады. Ол уақыттың бәрі бітісімен өзіміздің шараларды қолданамыз»,- Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Қайрат Тұрлыбеков.

Соңғы жаңалықтар