Астанада рухани жаңғыру идеясына құрылған пьеса сахналанды
22 маусым күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» опера залында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған I Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында Қасымалы Жантошев атындағы Ыстық-Көл облыстық музыкалық драма театры Сәбит Досановтың «Адамзаттың анасы» пьесасын сахналады.
Қойылым қырғыз тілінде қойылды. Көрермендер арнайы құрылғы арқылы ілеспе аударманы қазақ және орыс тілдерінде тыңдауға мүмкіндік алды.
Пьесасының негізгі идеясына Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласындағы адам тағдырындағы даму мен рухани жаңғырудың басымдығы арқау болды.
Айта кетейік, бұған дейін Асанəлі Əшімовтың 80 жылдығына арналған l дүниежүзілік "Астана" театр фестивалі шымылдығын ашқандығын хабарлаған болатынбыз .