Астанада пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалада жыл басынан тіркеу ережесінің заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам пәтер иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы .

Қаңтар-маусым айларында тексеру барысында Қазақстанда тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған, елордаға қоныс аударған 300-ден астам азамат тіркелді. Онымен бірге 190 мыңға жуық адам уақытша тіркеуге тұрды, 115 мың адам тұрақты тіркеуден өтті.

«Тексеру барысында пәтер жалдаушыларды тіркеуден өткізбеген 120 пәтер иесіне айыппұл салынды. Салынған айыппұл сомасы - шамамен 1,5 млн теңге.  Елордада 3 мыңға жуық азамат тіркеуден өтпеген», - деді Астана қалалық ІІД Көші-қон басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев.

«Қолданыстағы заңнаманы бұзған Қазақстан азаматына ескерту жасалды. Егерде ол елордада 1 айдан астам уақыт тіркеусіз тұрса, онда оған 5 АЕК мөлшерінде (9 000 теңгеден астам) айыппұл салынады»,  - деді Еркетай Тұтқышев.

Қабылданған заңға сәйкес әр қазақстандық тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуден өтуге міндетті. Аталмыш заң 2017 жылдың басында өз күшіне енген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар