Астанада оқушы тоққа түсіп, қолынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірім тура мектептің жанындағы қараусыз қалған зауыттың ауласында абайсызда электр сымын ұстап алған. Ойын баласының қатты күйіп қалғаны сонша, дәрігерлерге оның қолын кесіп тастауға тура келді. Еңіреген ата-ана енді, ұлдарын мүгедек қылғандармен соттаспақшы, деп хабарлайды КТК . 

Жаға ұстатар жайт қаладағы 57-ші мектептің алдындағы ескі зауытта болған. Кезінде темір қақпа, қоршаулар мен өзге де заттарды шығарған кәсіпорын қазір қараусыз жатыр. Бірақ, ашық-шашық жатқанымен, ғимаратта әлі тоқ бар. Тіпті, трансформатор орналасқан. 10 жастағы Данил сабақтан кейін осы кабелдердің бірін абайсызда ұстап, тоққа түскен.

Бір тәулік жансақтау бөлімінде жатқан Данил енді есін жиды. Бірақ, тоқтың қатты соққысынан аман қалғанымен, сол қолын білек тұсынан кесіп тастауға тура келген.

«Қан жүрмеген соң, алақан жағы өлген соң кесіп тастауға тура келді. Бүгінгі таңда жағдайы жаман емес. Оң аяғындағы жаралары жазылып қалды. Ауыруына байланысты керек емнің бәрін алып жатыр»,- деді № 2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Ұлыбек Асылбеков.

«5-ші сынып оқушы Данил тоққа түскен жер жекеменшік серіктестікке қарайды. Енді анасы электр сымдарын қалай болса солай қалдырып, айналасын қоршамаған фирмамен соттаспақшы. Оның үстіне мұнда жиі келіп ойнауды әдетке айналдырған өзге оқушыларға да қауіп төніп тұр. Өйткені, ғимаратқа бір емес, екі бірдей мектеп тым жақын орналасқан. Қазір полиция тоққа түсу дерегі қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті», - деп жазады арна.

Соңғы жаңалықтар