Астанада Наурыз мерекесінде ұйымдастырылатын шаралар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құрметіне Астанада ерекше мәдени ойын-сауық бағдарламалар дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

22-23 наурыз күндері Қуыршақ театрында кішкентай көрермендерге арналған «Мерекелік қуыршақтар концерті» атты спектакль қойылады.
21-22 наурыз күндері «Пригородный», «Үркер»тұрғын үй алаптарында сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін халықтық серуен өтеді.
19-23 наурыз күндері С.Сейфуллин музейінде «Астанаға қош келдің - Әз Наурыз» атты көрме өтеді.
20 наурыз күні «Астана» концерт залында сағат 12:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Алдар Көсе» музыкалық ертегісі қойылады.
21 наурызда сағат 14:00-де Конгресс-орталықта театрландырылған «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» қойылымы сахналанады
Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, Наурыз мерекесі күндері барлық алаңдарға концерттік бағдарламалар өтеді және 40 киіз үй, алтыбақандар құрылады.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар