Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда мемлекеттік қызметшілер арасында жылсайынғы спартакиада өтті. 

Биылғы бәсеке ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және елордалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы.

Түрлі ведомстволардың қызметкерлері арқан тарту мен жеңілатлетикалық эстафета жарысында шеберлік байқасты. Жарысқа 81 мемлекеттік қызметші қатысты, оның ішінде 5 мемлекеттік және 3 күштік құрылымдар командасы болды.

Әскери қызметшілердің арасында Астана қаласының ТЖД командасы екі жарыста да топ жарды. Ал мемлекеттік қызметшілер арасында елорда әкімі аппаратының қызметкерлері көш бастады. Арқан тартуда тұрғын үй басқармасы екінші, Статистика департаменті үшінші орын алды.

Эстафетада Әділет басқармасының қызметкерлері мәреге екінші болып келді, Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті үшінші орынға табан тіреді.

Спартакиадада ұлттық дәрежедег төреші Хамзин Даулет төрелік етті.

Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Осы жарыс үшін Астана қаласының спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясы ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі құрметіне ерекше дизайнда медаль жасап шығарды.

Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу, спортты дамыту және қалың бұқараны спортқа баулу.

Соңғы жаңалықтар