Астанада мамандықты тегін алуға болатын курстар тізімі бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведоствоаралық комиссиясы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін еңбек нарығын ескере отырып, тегін оқытылатын курстардың тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, электргаздәнекерлеуші, слесарь-сантехник, наубайшы, кондитер, тігінші, есепші және тағы басқа мамандықтар бюджет есебінен оқытылатын болады.

Сондай ақ шара барысында «сауда менеджері» мамандығы және компьютерлік сауат ашу дағдылары бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыратын білім беру ұйымдары анықталды. Барлығы өздерінің мүмкіндіктерін 5 оқыту ұйымы мен колледждердің өкілдері таныстырды. Нәтижесінде комиссия мүшелері 3 білім беру ұйымын іріктеп алды. Олар - «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі»і, «Астана қаласы менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС және «АСУ» Гуманитарлық техникалық колледжі».

Ведомствоаралық комиссия құрамына қалалық маслихат депутаттары, Халықты жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, білім беру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, Халықты жұмыспен қамту орталығының және Астана қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ТжКБ мамандықтары бойынша 1050 адамды тегін кәсіби оқытумен қамту көзделген. Одан басқа, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 500 адам даярлау және қайта даярлау курстарынан өтпек.

 

Соңғы жаңалықтар