Астанада құрылыс компаниясының басшысы Аслан Мусин қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті аудандық соттың санкциясымен «Алтын Сапа 2011» ЖШС және «Business Standart» ЖШС басшысы Аслан Мусинді қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында анықталғандай, құрылыс компаниясының басшысы  тұрғын үй нысандарын тұрғызуға мемлекеттік органдардан ешбір рұқсаттама құжаттарынсыз, «Зере 2» тұрғын үй кешенін салуға инвесторлардан ақша жинап, аса ірі көлемдегі қаражаттарды мақсатсыз жұмсаған», - делінген таратылған хабарламада.

Астана қаласының Ішкі істер департаментіне алты адамнан арыз түскен. Келтірілген материалдық шығынның көлемі 30 млн теңгенің айналасында.

Полицейлер А.Мусиннің әрекеттерінен зардап шеккендерді ІІД тергеу басқармасына хабарласуды сұрады. Мекен жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі - 19 немесе  8 (7172) 71-62-31, 8-778-791-13-46 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Соңғы жаңалықтар