Астанада құрғақ шөптердің өртену жағдайлары жиіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдетте, адамдардың абайсыз және немқұрайлы әрекеттерінің салдары өртке әкеп соғады. Өрт кезеңінің басталуымен Астана қаласында құрғақ шөптер мен қамыстардың өртену жағдайлары орын алуда, деп хабарлайды astana.kz .

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап құрғақ шөптердің өртенулерінің 8 жағдайы тіркеліп отыр, өрттің жалпы аумағы 2230 шаршы метрді құрады, оның 2000 шаршы метрі Алматы ауданының еншісінде.

Өртті болдырмау мақсатында Астана қаласының ТЖ департаменті қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, тұтанған сіріңкелерді лақтырмау, алауларды, қоқыстарды өрт қауіпті кезеңде жақпау, демалу орындарынан кетер кезде олардың үстіне құм сеуіп, өшіріп кеткен жөн. Ал енді ғана тұтанып жатқан өртті көргенде, оны сумен немесе құммен сөндіру керек. Жанңғыш заттар орналасқан сарайларда, жертөлелерде немесе басқа да жерлерде темекі шекпеген жөн.

Сондай-ақ жаңа ғана пайда болған өртті сумен, 2 метрге дейінгі ағаш бұталарымен сөндіру немесе құм сеуіп тастау қажет. Отты қолдану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау керек, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар