Астанада көп қабатты үйдің қабырғасына сызат түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауындағы Түркістан көшесінің бойында орналасқан «Тұмар» тұрғын үй кешенінің қабырғасында сызат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғимаратқа қызмет көрсететін «Арнұр сервис 2005» ЖШС техникалық директоры Сәния Молдахметованың айтуынша 5 жыл бұрын көпқабатты үйді «Азбука жилья» компаниясы салған.

«Үйдің қабырғасы емес ғимараттың қасбетіндегі жылу сақтайтын плита қозғалып кеткен. Қазір «парашют» алдырамыз, ол - арнайы бұрандалар. Бәрін жөндемей осы жерден кетпейміз. Бұл туралы «109» нөміріне қоңырау шалып хабарладық, әкімдіктегілер де біледі»,-дейді Сәуле Молдахметова.

Оның айтуынша пәтер иелеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Үй аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қоршауға алынды.

Соңғы жаңалықтар