Астанада қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан жиі депортациялану мәселесі қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада консулдық мәселелер жөніндегі Қазақстан-Корея консультацияларының 4-ші раунды өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультациялар барысында тараптар екі елдің азаматтарының екі мемлекеттің аумағына кіріп-шығуы, шекарадан заңсыз өтетінін еңбек мигранттарына қатысты жағдай, экстрадиция, сотталғандарды беру сияқты өзге де өзекті деген мәселелерді сөз етті. Ондағы негізгі тақырыптардың бірі - Оңтүстік Кореяға туристік, іскерлік мәселелермен және ем алу үшін баратын қазақстандықтардың жиі депортациялануына қатысты жағдай болды.

Сеулден келген жоғары мәртебелі делегация өкілдері Кореяның көші-қон қызметтері тарапынан елге кіруге тыйым салу мен депортацияға ұшырап, қаржылық және моральдық-психологиялық қиындықтарға тап болған және олардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне шағымданған Қазақстан азаматтарына қатысты фактілерден кеңінен хабардар етілді.

Кореялық дипломаттар қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарайтындарын айтып, жақын арада Сеулде аталған мәселені шешу үшін көші-қон қызметінің өкілдерімен ведомствоаралық консультациялар жүргізуге уәде етті.

Сонымен қатар, жаппай депортациялау жағдайының жиілеп кетуі Кореяға заңсыз еңбекпен айналысу үшін визасыз режиммен келетін қазақстандықтардың санының артуы себеп болып отырғандығы айтылды. Келіссөздердің өзара түсіністік жағдайында өткендігі айтылады.

Соңғы жаңалықтар