Астанада Қазақ телевизиясының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау кезінде Қазақ телевизиясының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты биыл Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналып отыр. Тілшілермен, телевизияда еңбек ететін мамандармен, қоғам қайраткерлері және эстрада жұлдыздарымен бірге салтанатты шараға Қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылды. Шара барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев оларды «Қазақ телевизиясына 60 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Журналистика ардагерлерінің алдында құттықтау сөз сөйлеген министр әлемнің тынымсыз өзгеріске ұшырап келе жатқанын, әлеммен бірге технологиялар, ақпараттық жеткізу, жаңалықтар мен телебағдарламалардың форматтары да өзгеріс жолында екенін жеткізді. Бірақ, бұның бәрі бір нәрсені ғана - өз ісіне деген махаббатты, көрерменге деген құрметті, жетілдіру жолындағы әрдайым даму құлшынысын өзгерте алмайды.
null  

«Мемлекет басшысы әрдайым өз сөзінде ел өміріндегі БАҚ рөлін ерекше атап өтіп, медиа саланың дамуына ерекше мән береді. Оған куә ретінде заманауи инфрақұрылымды, саланың дамуына бөлінетін ауқымды дотацияны айтып өтуге болады», - деген министр Қазақ телевизиясының ардагерлеріне алғысын білдірді.
null null 

Қазақ телевизиясының ардагерлері Астанада арнайы ұйымдастырылған ресми марапаттау салтанатына шақырылды. Биыл «Телевидениенің 60 жылдығы - телевидениеге қосқан үлесі үшін» арнайы сыйақысы тағайындалып отыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар