Астанада катарлық танымал дизайнер сән үлгілерін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Катар павильонында белгілі дизайнер Уадхи Али Ас-Сулейти модалық сән үлгісін көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Танымал сәнгер меймандарға өз елінің дәстүрлі сән үлгілерін паш етті. Импровизациялық көрсетілімде заманға сай 10 киім үлгісі көрсетілді.

Сұлулар киінген киімде араб мәдениетіне сай өрнектер мен табиғат орнаментінің белгілері үйлесім тапқан. Араб көйлектері түрлі-түсті жібек маталардан тігілген. Катарлық киімдердің үлгісін қазақстандық арулар киіп шықты.

Айта кетейік, атақты араб сәнгері әлем бойынша 7-ден көп дербес сән көрсетілімін жасаған.

Соңғы жаңалықтар