Астанада Қарағанды облысы жетістіктерінің көрмесі өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астанада Қарағанды облысы күндерінің аясында өңірдің қол жеткізген жетістіктерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Қарағанды облысының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің көрмесі Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Бұл жерге ірі кәсіпорындармен қатар шағын шеберханалардың да өнімдері ұсынылды. Мұнда келушілердің назарын әсіресе, «Еуразия Инвест» компаниясының стенді қызықтырды. Мұнда жылқы сүтінен ұнтақ дайындау тәсілдері көрініс тапқан»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ өңірлік жалпы өнім көлемінен Қарағанды облысы республика бойынша 4-ші орында тұр.

«2016 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 16 есеге артып, 197,3 млрд теңгені құрады. Тәуелсіздік жылдарында облыста әлеуметтік сала, тағам, химия және фармацевтикалық өнеркәсіп пен қызмет көрсету жанданып келеді»,-деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Көрмеде қарағандылық суретшілердің де туындылары қойылды. Өз экспонаттарын сонымен қатар, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да алып келді. Тұрғындар мұнда «Алтын адамның» қайта жөнделген түрін көре алады.

 

«Мені қарағандылық қолданбалы өнер туындылары қызықтырды. Бүгінгі көрменің арқасында мен үшін бұл өңір жаңа қырынан көрінді - мұнда түрлі сала шеберлері өте көп. Таурлар көрмесінде мен көптеген қызықты дүниелерді көрдім. Жалпы менің айтарым, елорда тұрғындары қарағандылық сапаны өте қатты ұнатады және тауар таңдағанды ылғи осы аймақ өнімдеріне басымдық береді»,-деді көрмеге келген елорда тұрғыны Бақыт Айтмұрзина.



Астанадағы Қарағанды облысының күндері Бейбітшілік және келісім сарайында өткен гала-концертпен аяқталды. Оған 600-ден астам қарағандылық өнерпаздар қатысты.

Соңғы жаңалықтар