Астанада иесіз иттерге арналған алғашқы орталық салынуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылады, - деді «Астана ветсервис» директорының міндетін атқарушы Айдархан Арыстанов. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталыққа қажет жер арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ауданында бөлінді.

Жаңа орталықта үнемі төрт жүзге жуық ит пен жүзге жуық мысық ұсталатын болады. Орталық аумағында ит пен мысықтарды жаттықтыруға арналып жабдықталған аула болатынын айтады «Астана ветсервис» өкілі.

Жануарлар үйі жартылай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді.

-Онда байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңдары, карантинді бөлік және жануарларды стерильдеу блогы болады. Бұл иесіз жануарлардың көбеймеуі үшін стерильдеу жүргізіледі, - дейді А. Арыстанов.

Жануарларға пана болатын орталықты салу идеясын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұсынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар