Астанада геронтологтар адамның өмір жасын ұзарту мәселелерін талқылауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Геронтологтардың || Еуразиялық съезі өз жұмысын бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Геронтологтардың xалықаралық құрылтайына Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзербайжан, Украина, Беларусь сынды мемлекеттердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері келген.

"Халық денсаулығын сақтау мемлекет саясатының ең басты басымдығының бірі. Денсаулық - адамның басты құндылығы. Бүгін Қазақстан Республикасында "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты индикаторларының бірі xалықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ету. Барша әлемде адамдар дені сау болғанды қалайды және ұзақ жасауды армандайды. Геронтологтардың жаңа зерттеулері ағзаның қартаю процесін баяулататын жаңа әдістерді алып келді. Геронтология - медициналық ғылымның маңызды салаларының бірі. Ол адамға өмірді жайлы және жақсы денсаулықпен өткізуге көмектеседі. Оның зерттеулері қартаю процестерін баяулатуға ғана емес, жастықты ұзартуға бағытталған", - деді Г. Әбдіқалықова.

Мемлекеттік xатшы өзінің құттықтау сөзінде, БҰҰ болжамы бойынша, 2025 жылға қарай, әлемде егде адамдардың саны 1,1 млрд-қа жететіндігін атап өтті.

"Қазақстанда 2012 жылдан 2017 жылдар аралығында 60 жастағы адамдардың xалық санындағы үлесі 7%-тен 12%-ке өскен. Ол xалық қартаюының жалпы әлемдік үрдісіне сай келеді. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жастан асты. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш көрсеткішті біздің басты жетістіктеріміздің бірі деп атады. Геронтологтардың II  Еуразиялық съезі геронтология мен гериатрияның өзекті проблемаларын шешуде салмақты үлес қосатынына сенімдімін. Біріншісі - белсенді өмір сүру уақытын жоғарлату, екіншісі - өмір сапасын арттыру, үшіншісі - кәрілікпен байланысты дерттердің санын азайту", - деп түйді ойын Мемлекеттік xатшы.

Шара барысында геронтология мен гериатрияның өзекті мәселелері - іргелі, клиникалық, медициналық-әлеуметтік проблемалар, белсенді әрі ұзақ өмір сүру, сапалы тұрмыс жайттары, сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды оңалту жайы және тағы басқа мәселелер талқыланатын болады. Геронтологтардың || Еуразиялық съезінде Еуразия кеңістігіндегі геронтологтар қауымдастығының жұмыс тәжірибелері жинақталады.

Соңғы жаңалықтар