Астанада Ғашықтар күніне орай жастар акциясы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қозы-Көрпеш - Баян-Сұлу» күніне арналған жастар акциясы өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аталмыш жобаның мақсаты жастар арасында жаңа қазақстандық патротизмді қалыптастыру, рухани-танымдық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау.

Сәуір айының басынын Instagram әлеуметтік желісінде жастар ең әдемі жұпты және ең керемет махаббат хикаясын таңдады. Халықтың таңдауы бойынша, Астанамыздың ең әдемі жұбы - Айжан және Алишер болса, ең керемет хиқаяны жазған Ақылбек пен Әйгерім болып шықты.

Салтанатты түрде сыйлық табыстауға Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Наринэ Микаэлян, Астана қаласы мәслихатының депутаты Саят Батпенов пен Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов қатысты. Өз сөзінде, басқарма басшысы осындай іс-шаралардың ең басты маңызы отбасылық және танымдық құндылықтарды насихаттау екендігін айтып өтті.

Осыдан басқа, жас жұптар үшін ойын-сауық ойындары өткізілді. Белсенді қатысқан жұптарға және үздік жауап берген астаналықтар және қонақтар Crossfit Astana залында жаттығуына екі абонемент, «Вечное небо» атты керемет дәмханада кешкі ас, жұп білезіктер немесе осы жылдың ең күтулі іс шарасы «EXPO-2017» көрмесіне билет ұтып алды. Атап өтсек, аталмыш ойындарға 46 жұп қатысты.

Кеш аяқталуымен, «Мега Silk Way» ССО аумағында флеш-моб өткізіліп, қонақтар арасында Мұқағали Мақатаев және Абай тәрізді қазақ ақындарының өлеңдері жазылған махаббат ашық хаттары таратылды.

Соңғы жаңалықтар