Астанада ежелгі зират табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ежелгі зират орны табылды. Бұл туралы елордалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбіжановқа сілтемемен Kazpravda.kz хабарлады.

«Ағымдағы жылғы көктемде - қар ергіне кезде Талдыкөл өзенінің маңынан мұсылман зираты табылды. Аумақты визуалдық тексеру барысында 10-ға жуық қабір анықталды», - деп хабарлады Тимур Әбіжанов.

Ол бұл жерде ең соңғы рет 1923 жылы кісі жерленгенін айтты. Зират алаңы 160 шаршы метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар