Астанада басталған Наурыз эстафетасы Алматыда жалғасты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астаналықтар жолдаған Наурыз мерекесінің эстафетасын алматылықтар салтанатпен қабылдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың алдында жиналған театр әртістері мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері ән салып, би билеп, мегаполистегі әз-Наурыздың тойлауды бастап берді. «Қош келдің, Наурыз» деп аталатын флеш-моб эстафетасын қабылдап алған өнер ұжымы ұлттық киімде «Наурыз» деген сөзге құралды.

«Осылайша, біз Наурызды тойлауды бастадық. Наурыз - жыл басы, жаңару! Мұндағы барлық әртістер, әншілермен студенттер көп ұлтты халқымызды осылайша жыл басымен құттықтайды», - деді ұйымдастырушылар.

Шарада «Салтанат» ансамблінің бишілері қазақ биін билесе, әртістер ұлттық әндерді шырқады. Келушілер бауырсақтан дәм татты. Шараға шығармашылық ұжымдардан барлығы 300-денастам адам қатысты.

Енді «Наурыз» флеш-мобы эстафетасын Шымкент қаласы қабылдап алады.





















Соңғы жаңалықтар